Отырар медресесі – Отырар қаласында болған ортағасырлық діни оқу орны. 8 ғ-дың аяғында құрылып, моңғол шапқыншылығына дейін жұмыс істеген. Медреседе жан-жақтан білім іздеп келген шәкірттер 10 жыл бойы тәрбиеленді. Оларға бесінге дейін сабақ берілсе, бесіннен кейін медресе жұмысына салынды (аула сыпыру, ас пісіру, бау-бақша суару, т.б.). Ал екіндіден кейін шәкірттер өз жұмыстарымен айналысты. О. м-нде алғашқы 5 жылда сол заманғы әлемдік үш тіл: түркі-қыпшақ, парсы, араб тілдері оқытылды. 5 жылдан кейін шәкірттерге діни сабақтармен қатар астрономия, геометрия, музыка, т.б. ілімдер бойынша жан-жақты білім берілді. Тіпті бұрнағы заманда жойылып кеткен әліппелер (мыс., Финикия әліппесі) үйретілді. О. м-нде ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби оқығанАудан тұрғындарының негізін осы өңірдің байырғы халқы – қазақтар (99,7%) құрайды. Халық негізінен Сыр бойы және ауданның шығысындағы Арыс өзені аңғарында қоныстанған. Тұрғын халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,0 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Шәуілдір (8,8 мың адам), Темір (4,3), Көксарай (4,2), Арыс (3,0), Балтакөл (2,9), Маяқұм (2,6) т.б. Аудан негізінен мал шаруашылығына маманданған. 1996 жылға дейін етті-сүтті бағыттағы 8 кеңшар, 1 асыл тұқымды мал зауыты болған. Бұрынғы кеңшарлар негізінде аудандағы барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны 3420-ға жетті (2003). Оның ішінде заңды тұлғалар саны 487, жеке тұлғалар 2933, шаруа қожалықтары 2569, жеке кәсіпкерлер 364. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1692 мың га, оның ішінде жыртылатын жер 15,8 мың га, көп жылдық ағаштар 256 га, шабындық 15,5 мың га, жайылым 16,48 мың га болды (2003). Ауданда өнеркәсіп өндірісінде 13, ауыл шаруашылығында 590, құрылыста 1, көлік және байланыс саласында 3, саудада 180 және басқа кәсіпкерлікпен айналысатын 16 шаруашылық субъектілер тіркелген (2003). Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 2003 жылы егіс аумағы 15,8 мың га болды; оның басым бөлігін мақта (7905 га) мен жүгері (3269 га) құрайды. Ауданда 2004 жылдың 1-қаңтарында 19,1 мың бас ірі қара, 163,5 мың қой мен ешкі, 5,4 мың жылқы, 1264 түйе болды. Халыққа білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салалары бойынша ауданда 1 кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін 45 мектеп, 11 клуб, 1 мәдениет сарайы, 1 музей, 1 мектеп-интернат, 15 кітапхана, 9 аурухана, 28 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 ауылдық амбулатория болды (2003). Аудан аумағында көне қалалар мен қорған орындары көптеп кездеседі. Әйгілі “Арыстанбаб” кешені осы Отырар ауданының аумағында орналасқан.Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Аралбойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
-Сәлем, достым, сен Наурыз мерекесі жайлы не білесің? -Сәлем, бұл бізге ата - бабамыздан қалған ұлы мереке. Бұл біздің халқымыз үшін жаңа жылдың басталуы. - Осы мереке жайлы тағы қандай қызықты мәлімет білесің? - 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Халықтың айтуынша, күннің ауын бірінші түйеге мінген тышқан көрген. Сондықтан жыл санау тышқан жылынан басталады екен. - Қандай қызықты мәлеметтер, жарайсың!
Мектеп. Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. Мектепке келгеннен кейін достарым көбейді. Мен де 7 жасымда мектепке келдім. Алғаш мектеп табалдырығын аттасымен достарым көбейді. Менің мектебім үш қабатты, әсем ғимарат. Мектебімде сыныптар көп және спорт залы, салтанат залы бар.Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін..Маған үлгі тұтарлық ұстаздар білім береді. Олар менің жарқын болашағымның болуының көмекшілері. Мен мектебімді ұнатамын!
-Асель, сен қазақ өнері, қазақ музыкасы жайлы не білесің? -Менің сүйікті өнерім домбыра шерту. Сондықтан қазақ өнерінің қалаушыларының бірі Құрманғазы жайлы айтайын.Ұлы күйші, композитор, халық арасына кең тараған "Балбырауын”,  "Сарыарқа”,  "Кішкентай”, "Көбік шашқан”,"Серпер”,"Алатау” және тағы басқа күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбаев қазақтың аспаптық музыкасының басты бір саласының негізін қалаушысы. Басқа да халық мәдениеті саласының көрнекті өкілдері сияқты, Құрманғазының шығармашылығы да, өмірі де сол өзі өмір сүрген заманның тарихи –көркемдік шежіресі болды. Ал сен не білесің? -Ал маған айтыс ұнайды және ең жақсы көретінім - Біржан мен Сара айтысы. Олар біздің халқымыздың үлгісі.«Біржан – Сара» айтысы құрылысы жағынан да, түрі мен мазмұны жағынан да салт айтысының ең биік шыңы болып табылады.Осы күнгі айтыстар жаңа заманға лайық сөз саптауымен, тақырыптық жаңалығымен, жарасымды әзіл-қалжыңмен ерекшеленеді. Айтыстың арқасында біз өзімізді өнері мол халық ретінде таныта аламыз!
Автобекетте көп түрлі əрі түсті автобустардың түрлері астан-астам. Мен күн сайын сағат сегізден бастап аялдамада сегізінші нөмірлік автобусты күтем. Жақын досым алдынғы сенбіде ата-аналарымен сапаржайға барып келді. Менің қаламда əуежай салынып жатыр. Мектеп - тоғыз жылдық балалық шағын. Ауруханадағы ауыр хəлде жатқан адамдар тез жазылып кетсе деймін. Балабақша да күштірек,неғұрлым мектепке қарағанда. Жолдың 220 шақырымда "Досжар" деген дəмхана ашылды. Мен жылына бір рет емханаға барамын. Біздің қаламызда жаңа ғасырлық,яғни заманға сай қонақүй ашылды. Адам емделу үшін - оған дəрі керек,дəріні алу үшін,емханаға бару керек. Мұражайда ежелгі халықтардың тарихтары енгізілген. Атамның ауласында саябағы кеңейлі. Кейбір ақпараттарды кітапханада теріп жазып алуға болады. Бұрын СССР кезінде спорт кешендердің саны 50 астам болды. Базарда үлкейлі жəне тереңді сауда орталығы орналасқан. Кеше мен əжемді теміржол бекетінде тосып алдым.