10 мақал-мəтел:
1.Өмір – үлкен мектеп.
Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.
2.Кітап – алтын қазына.
3.Өмір – үлкен мектеп
4.Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
5.Кітап - білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы
6.Кітап - оқығандікі,
Білім тоқығандікі.
7. Күш – білімде,
Білім – кітапта.
8.Жердің сәні - егін,
Ердің сәні - білім.
9.Кісінің кісілігі,
Киімінде емес,
Білімінде
10.Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады
5 жұмбақ:
1.Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама. (кітап)
2.Бiлiмнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
3.Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. ( қоңырау)
4.Доп сынды келбетi,
Онда бар түп - түгел,
Әлемнiң әлпетi. (глобус)
5.Бiрiн - бiрi қоштаған,
Бiр үйден көрдiм,
Қырық екi дос - жаран. (42 әрiп)
16 жаңылтпаш:
1.Ала-ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар.
доп теп
дөптеп
сұр інген сүрінген бе
сүрінген сұр інген бе
бұлаң бұлаң еткен бұл аң
бұлаң десем екен қылаң
Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.
Тоқпақ жаттап,
Айтсақ жақсы-ақ.
Жатка тақпақ
Жатта тақ-тақ
Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
Кермеде тұр қырық
кір қыстырғыш,
Қырық кір қыстырғышқа
Қырық қыз келіп,
кір қыстырды.
Ата мен әже, ана да,
Алма мен алмұрт тереді,
Ауырға Арман бала да,
Арбамен тасып береді.
Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
Қоғанбай қомағай ма?
Жоқ, ағай
Қоғанбай қомағай емес,
Зор ағай.
Есім есі кетіп есінеп отыр екен.
Ол несіне.
Есі кетіп есінеп отыр екен.
Жағажайды жағалай,
Жүгіреді Қамажай.
- See more at: http://www.balalaralemi.kz/zhanyltpashtar#sthash.s4F72ECX.dpuf
Қыс келді. Ауа райы салқындап, жердің бетін қар жапты. Ағаштар жапырақсыз қалды. Барлық шыбын-шіркейлер күн жылығанша жер астына тығылады. Жылы жақтарға ұшып кетпейтін құстарға қыс кезінде өздеріне тамақ табу қиындыққа соғады. Теректерден шоқып жейтін құрт, шіркейлер жоқ. Жерден теріп жейтін дән-дақыл қар астында. Қыс кезінде құстар ашығып, адамдар мекендейтін жерлерге жақындайды. Олар қалдық тамақтарды жеп күн көреді. Мейірімді адамдар құстарға дән себеді. Оларға арнап үйлерінің терезелеріне, теректерге дәнсепкіштер орнатады.
Қарны ашқан қазанға қарар.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Мешкей деген жақсы атақ емес.
Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.
Ет дегенде бет бар ма?
Өле жегенше, бөле же.
Асы бар аяқтан аттама.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Сыйлап берсе, суын іш.
Ас – адамның арқауы.
Ас адамның — арқауы.
Нан— тамақтыңатасы
Ынтымақ — көптің батасы.
Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы.
Быламық бетінен сыйды,
Көже түбінен сыйды.
Қайғысыз, қара суға семіреді.
Сіңбесастыңбөгеуі жаман.
Қарын тойса,
Қарта әлем сасиды.
Ет — етке, сорпа — бетке.
Аш тамағым, тыныш құлағым.
Асқа талау түссе,
Антұрғанныңмұратын береді.
Қазаныңа не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінеді.
Тас қадақ болғанмен
Тамақ болмайды.
Сұрап бергенше,
Соғып бер.
Алты күн аш болсаң да,
Атаңның әдетін тастама.
Жетерін білсең, жей тұр.
Ет жемей жатып тұздық,
Асатпай жатып, құлдық.
Қасық тары ботқа болмас,
Ботқа болса да, жұртқа болмас.
Ас ішсең, атауыңдай іш,
Ауырсаң мұрттай ұш.
Жазғы етте жасық жоқ,
Қымыз аста, қасық жоқ.
Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.
Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
Айран сұрай келіпсің
Шелегіңді жасырма.
Бақыр қазан қайнаса,
Баршамызға несібе.
Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самалеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келді!
Күнге күліп, күй тартқан,
Айға әнің тыңдатқан,
Бақыт жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді!
Тыңда туып түлеген,
Тас түлектей көреген,
Көк қойнында тояттап,
Шың басында түнеген
Ұшқыш боғым келеді!
Жат жерлерге қонбаған,
Жатқа көңілі толмаған,
Асыл затты сұңқардай
Өз ұясын қорғаған
Ұшқыш болғым келеді!
Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйілген
Ұшқыш болғым келеді!
Ар, намысн ақтаған,
Жүректе сыр жаттаған,
Туған елің – ұясын
Жан- тңнімен сақтаған
Ұшқыш болғы келді!
Ұшқыш болмай немене!
Қуат бітті денеме!
Қанатым бар қайысып,
Жастарға ісім өнеге,
Ұшқыш болғым келеді!