Тутрец-перевод слова тетрадь
Күз
Айтқали Нәріков
Сұңқылдап, сазды әуенді тауып түрлі,
Қоштасып, көкте аққулар сауық құрды.
Қанаттан ұшып түскен мамықтай боп,
Төбемнен жапырақтар жауып тұрды.
Барады бірте-бірте түн ұзарып,
Аспанда аққан жұлдыз ізі қалып.
Ақ қайың әудем жерде мұңайып тұр,
Көктемгі әсем әнін үзіп алып.
Ерте тұр, төсегіңнен кеш тұр мейлі,
Құстардың үні шатты естілмейді.
Көйлектей оңып кеткен, күлгін тартып,
Көкжиек қорғасын бұлт кескіндейді.
Бәрінен, бәрінен күз сезіледі,
Қайтеміз, жүреміз ғой төзіп енді.
Билікті өз қолына алып жатыр,
Жылдың бір маусымының кезі келіп.
Əдеби тіл дегеніміз сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл. Əдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл жəне жазбаша тіл. Мұғалімнің сабақты түсіндірген, оқушының берген жауабы ауызша тіл болады да, кітап-газеттерде жазылған жазбаша тіл болады.
Әкені сыйла переводится Уважай папу