Менің болашақ мамандығым
Менің болашақта полиция қызметкері болуды армандаймын, себебі біздің отбасымызда атам да, әкем де, үлкен ағам да полиция қызметкерлері - бұл да менің келешек мамандығымды таңдауда өз септігін тигізді деп ойлаймын.
Полиция қызметкерінің жұмысы аса қауіпті әрі ауыр, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі сен ел мүддесін жоғары қойып, қашанда қызмет етуге дайын болуың керек. Қоғамдағы тәртіпті сақтап, тынымсыз еңбек етуің керек.
Полиция қызметкері болу үшін денсаулығың да мықты болып, спортпен шұғылдану керек. Бұл қызметті тек шыдамды, аса жауапты, адал адамдар таңдау керек.
Мектеп бітірген соң арнайы жоғары оқу орнына түсіп, болашақта ел мүддесін қорғайтын жауапты полиця қызметкері болғым келеді.
Бұлақ (көз, бастау, қайнар) - жер асты суларының жер бетіне (кейде су астына) өздігінен шоғырлана шығатын жері. Бұлақтар әр түрлі белгілері бойынша тұма, қайнар, термалды бұлақ, жалғасты бұлақ және т.б. делініп бірнеше топқа бөлінеді. Суы тұщы, әсіресе мол өнімді Бұлақтар елді мекендерді ауыз сумен, шаруа қожалықтарын керекті сумен камтамасыз етуге, жер суаруға кеңінен пайдаланылады. Минералдылығы 1 г/дм3-ден астам жылы және ыстық бұлақтың суы санаторийлер мен емдеу орындарында түрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Мұндай бұлақтар республиканың шығыс және оңтүстік өңірлеріндегі таулы аймақтарда кездеседі.жер асты суларының жер бетіне табиғи шығуы. Бұлақ үнемі және үзіліспен ағып тұрады. Бұлақтардың көпшілігі жерге сіңген қар, жаңбыр суларымен (вадоздық бұлақтар) қоректенеді. Жайшылықта бұлақ суы суық болады және онда еріген тұздың мөлшері көп болмайды. Егерде су өте тереңде орналасқан жер қабатының жоғарғы температурасы бар зоналары арқылы өтсе, онда бұлақ сулары жылы (термалды) болуы да мүмкін. Жылы және суық бұлақтар ювенильдік сулар деп аталатын магмадан бөлініп шығатын сулармен де қоректенуі мүмкін. Ювениль сулар минералды болып келеді. Егер температура 100° артық болса, кейде фонтан сияқты атқылап жататын қайнаған бұлақтар (арасан) пайда болады.
Менің көрген фильмдерімнің ішіндеги ең ұнағаны: 'Алты жасар Алпамыс мектепке барады' бұл фильмді 'Қазақфильм' киностудиясы ұсынған.
Мұндағы басты кейіпкер- Алпамыс атты бала.Ол оқуға,білімге деген құлшынысының арқасында мектепке асығып,өзгелерді таңқалдырады.Мағынасы өте жақсы,қызықты фильм.
Қыс мезгіліне желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары жатады. Қыста ауа райы өте суық болады. Аппақ қар жауып, күн аяз болады. Ақ киімді денелі ақ сақалды, Соқыр мылқау танымас тірі жанды. үсті басы ақ қырау, түсі суық Басқан жері сықырлап келіп қалды.