Көктөбе және Алматы телемұнарасы. Теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте орналасқан Көктөбеге фуникулер мен шағын автобустар арқылы жетуге болады. 1967 жылы салынған фуникулер жолдары Алматының ел аузында «компот» деп аталған жер үйлер орналасқан аудан арқылы жүріп өтеді. Көктөбеде мейрамханалар, «Beatles» ескерткіші, хайуанаттар бағы, алтыбақан, атракцион орналасқан. Көк төбеге шығып, Алматы қаласының толық көрінісіне тамсануға болады. Биіктігі 372 метрге жететін Алматы телемұнарасы 1975-1983 жылдары салынған. 2. «Beatles» ескерткіші. Әйгілі ливерпуль төрттігіне арналған ТМД елдерінің аумағындағы алғашқы ескерткіш 2007 жылы қойылды. Қола төрттігінің авторы Эдуард Казарян.
Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен)асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір сәтте деайырылмапты. Қаншалықты үй жануары болмаса да, барынша тіл алғыш болады. Бірнеше ай өткен соң әйел босанады. Жалғыз басты әйел үшін барлық қиыншылықтарға төтеп беруге және баласын асырап бағуға тура келеді. Күндердің күнінде баласын үйіне тастап, біраз уақытқа сыртқа шығуына мәжбүр болады. Алайда үйде нәресте мен ақ тышқан қалады.
<span> Арада біраз уақыт өткен соң әйел үйіне оралады. Есіктің алдында аузы-басы қанға боялған ақ тышқанды көргенде зәр-иманы қалмай, аласұрып, ақ тышқанға бас салады. Сөйтіп, тышқанды өлтіріп тастайды. Дәл сол мезетте ішкі бөлмеден нәрестенің дауысы шығады. Анасы жүгіріп барып қараса, бөлменің ішінде бесікті, бесіктің ішіндегі нәрестені және нәрестенің қасында паршаланып жатқан жыланды көреді... </span>
Сәнді киім мен жарасымды киімді көбісі жақсы танып білмейді. Әрине сәнді киім айтқандай ол - мода. Ал жарасымды киім ол өз сұлулығыңды толықтырып немесе сені ерекшелеп тұрады. Яғни
Сөз тіркесі
<span>Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады.</span>