Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]
Қысқаша шолу
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.[4]
1)Мадрид 17 ғасырдан Испанияның астанасы болды. 2)1900 жылы Мадрид халқының саны 950 000 адамды құрады, ал қазір 3 миллионнан астам адам бар. 3)Мадридте Еуропадағы кез-келген басқа қалаға қарағанда күннің көп және бұлтты емес күндері.
1)Мәскеу халықты қуанышпен қарсы алады. 2)Мәскеу 1147 жылы құрылған. 3)Мәскеу - өте әдемі қала.
Ответ:Біздің планетамыздың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның себебі:
Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000есе үлкен. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5 миллиард жыл. Оның бетіндегі температура +6000° С-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге Күн қуатының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8 минут 19 секундта жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4млрд жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде бір клеткалы қарапайым организмнен әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығармас еді. Оттегімен жан - жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдіктер өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі - дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, Күннен шығатын жарық пен жылусыз Жер бетінде атаулы болса еді.