Сәлем, сәлемдесу, жағдай сұрасу осы сөздердің өзінде бір жылылық, ілтипаттылық сезіліп тұрады. Тәртібі дұрыс, әдепті кісі танысын, танымасын алдынан шыққан жасы үлкен кісіге алдымен, жылы шыраймен амандасудың өзі, ол адамның инабаттылығын білдіреді емес пе.
«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез келген жерде, қандай жағдайда болмасын адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда осылай болған, болады да, болуы керек.
Сәлемдесу – амандық білудегі әдеп жолы. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептілік нышанын көрсетіп, амандыкқа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақ жарқын амандасуы тиіс. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не қол алып амандасады. Ол «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.
Адамзат қоғамының қай кезеңі болмасын, қандай да бір мемлекет болмасын, оның негізгі түп қазығы сол елдегі әрбір отбасыға тірелетіні даусыз. Олай болса, қазақ елі үшін де әрбір отбасының маңызы ерекше. Оған ата-бабамыздың бір-бірімен «Отбасың аман ба?» деп саулық сұрасып, «Отбасы амандағын берсін» деп амандық тілеп жатуының өзі жарқын дәлел.
Негізінен, әдептілік, кішіпейілділік, әркім өзінің орнын біліп, шектен шықпаушылық сәлемдесудің сәнін ғана келтіріп қана қоймай, мәнін де арттырады.
Сыйлық адам мен адам арасындағы қарым-қатынастың бір нәзік сыйластығының белгісі. Сыйлық ол үлкен бе, кішкене ме, азба немесе көп пе, арзан ба , әлде қымбат па - ол бәрібір сыйлық. Халық кәдесі бойынша жасалатын сыйлықтар: құда- құдағиға, қалыңдыққа, күйеу жігітке, нағашыларына алғаш рет келген жиендеріне берілетін арнайы сыйлықтар болады.
Кейін Астанаға барармын. Кеш болды. Әдетте мен ерте оянатынмын. Бүрсігүні мен қосымшаға бардым. Кешке үйімде туған күнімді жасаймын. Күнде бір нәрсе қайталанады. Көп ойнап кеттім-ау осы! Аз жазғаным соншалық, мұғалім шығармама екі қойды. Уақыт зымырап өтуде. Биыл жақсы бағамен мектепте бітіретін боламын. Енді уәдемде тұру керек.