Менің Казахстаным, менің туған жерім.Менің байлығым,асыл қазынам.Біздің елдің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Менің елімнің астанасы Астана.Астана ол ең керемет, таңғажайып қала.Ол жерде Бәйтерек,Ханшатыр,Экспо 2017,Ақ орда, ғимараттар бар.Менің Казахстаным ең керемет ел!
Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді.
Кейбір қасиеттер барлық материялдық жүйелер үшін бірдей болады, мысалы, энергияның сақталуы — оларды физикалық заңдылық деп атайды. Кейде физиканы іргелі ғылым деп те атайды, себебі басқа жаратылыстану ғылымдары (биология, геология, химия және т.б.) тек қана заттық жүйелердің, физикалық заңдылықтарға бағынатын, кейбір таптарын ғана сипаттайды. Мысалы, химия молекулалар мен олардан құралған заттегілерді зерттейді
Дында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Авариялық жағдайларда
5. Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
7. Пернетақтаның үстіне ештеңені қоюға болмайды.
8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. Компьютерде жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);
2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;
4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек көрсету:
1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
2. Күйген жеріне май жағу (ванилин);
3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын ала целлофанмен орап, суық судың астына ұтау;
4. Дәрігер шақыру.
Демі тоқтағанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары қарай кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;
2. Дәрігер шақыру.
3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.
Ответ :Вокальдық музыка — музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығармалар. Ірі жанрлары — музыка-драмалық шығармалар, оратория, орта жанрлары — кантата, вокалды цикл, литургия, хор концерті, Кіші жанрлары — вокалды миниатюра (ән, романс). Кейде адам дауысы оркестрлік музыкаға үлесіп айтылады (мысалы, Петр Ильич Чайковскийдің «Щелкунчик»-те). Вокалды музыканың жанрлары: Ораториалды Камералы Оперетта Джаз Вокалдық музыкаға халық әндері, жырлары, классиктері мен қазіргі композиторларының ән-хорлары жатады. Вокальдық музыка, негізінде, халық арасынан шыққан. Бұған Біржан-Сал, Мұхит, Абай, Ақан сері, Жаяу Мұсаның әндері кепіл[1].Рок-музыка (ағылш. rock — теңселу, сілкіну) — қазіргі замандағы поп-музыка саласы. Рок-музыка негізін Солтүстік Американың халықтық фольклоры — рок-н-ролл және кантри құрайды. Рок-музыка алғаш 1950 — 60 ж. Ұлыбритания және АҚШ-та қалыптасқан. Рок-музыканың танымал өкілдері — “Битлз”, “Роллинг стоунз”, “Лед Зеппелин”, “Пинк Флойд” сияқты музыкалық ансамбльдер. Рок-музыканың негізгі белгілері: блюздік композициялық құрылымдар, қысқа ангемитондық ырғақ, дыбысты электрлік және электрондық аспаптармен күшейту арқылы әсерлілігін арттыру. Рок-музыка жастар субмәдениетінің бір бөлігі болып саналған. Оның ішкі өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне байланысты бірқатар ағымдар дараланады. Мысалы, әлеуметтік-мәдени қозғалыстарға қатысты (“хиппи”, “панк рок”, т.б.), жас ерекшелігіне байланысты (ересектерге, жасөспірімдерге арналған), екпін мен белсенділігіне (“ауыр рок”, “жеңіл рок”) және техникалық жабдықталуына қарай (“афро-рок”, “барокко-рок”, “джаз-рок”, т.б.), көркем мәдениет жүйесіндегі орны бойынша (коммерциялық “поп-рок”, элитарлық “рок-авангард”), т.б. Рок мәдениеті үшін музыканттардың жүріс-тұрысы, киім киісі, рок-шоуды безендіру, бейнеклиптерді шығару сияқты сыртқы көрініс факторлары маңызды рөл атқарады. ТМД елдерінде Рок-музыка 1965 — 80 ж. дамыды. Бірқатар әуесқой топтар құрылды. Сондай-ақ кәсіпқой-сазгерлердің (А.Г. Шнитке, Э.Н. Артемьев) назарына іліккен жанр элементтері кең стильдік контексте қолданылды. Кейінгі жылдары Рок-музыка Батыс елдерінде тек өнер түрі ретінде қабылданады.