<span>.5 Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің кейбір ерекшеліктері ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілікпен сипатталады. Бұл жауапкершілік борышқор ақша сомасы проценттік құқыққа сыйымсыз пайдаланған кезде туындайды. Басқаберудің ақшалай қаражатын құқыққа сыйымсыз пайдалану үшін әр түрлі себептер болуы мүмкін: борышқордың ақша сомасын қайтару мерзімі келген кезді өткізіп жіберу; ақша қаражатын басқа біреудің есебінен пайдалану немесе сақтау. Процент мөлшері несие берушінің тұрғылықты жеріндегі ақшалай міндеттемені орындалатын күнгі банкілік проценттің есеп ставкасымен беріледі. Сот тәртібінде қарызды өндіру кезінде сот несие берушінің талабын қанағаттандыра отырып, талап қойған күнгі немесе шешім шыққан күнгі процент мөлшерін қолдану мүмкін. Бұл ереже егер заңмен немесе шартпен проценттің басқа мөлшері белгіленбеген кезде қолданылады. Азаматтық кодекстің 353-бабында ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін жауапкершілік көзделген. </span><span>1,Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 16 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.</span>
Мен мектепке барамын. Менің достарым көп. Ол сенің досың ба? Мынау оның кітаптабы. Мен сенің қаламыңды алдым. Бұл біздің елдің байлығы.
Адыраспан
Адыраспан - улы, сасық иісті, жұмыр өсімдік. Көбінесе жол жағасында, шөлейтті, ірі құрғақ жерлерде өседі. Құрамында адыраспан сілтісі мен ұшпа майы бар.
Шығыс халқы адыраспанның киесі бар деп есептеген. Тіпті оны аяқ астында таптамай, ат үстінен керекті мөлшерін ғана алып ем қылатын. Үйге ырыс, бақ әкелсін деп босағаға іліп қоятын. Әлі күнге дейін өзбектер жол сапары сәтті болсын деп машинаның алдыңғы әйнегіне іліп қояды екен. Жас келін босанғанда, сәбилер сырқаттанғанда, өкпе ауруына шалдыққанда адамдарды аластайды екен. Адыраспанға қылшаны және ермен, кермек жусан шөптерін қосып, күн батар кезде әдейі арналған ыдысқа өртеп, оның түтінімен емдейді.