Казахи гостеприимный народ?)Посоветую самому сначала написать на русском языке,а потом перевести через словари или переводчики сочинение свое на казахский язык.За такое сложное задание,давать так мало баллов несправедливо,тебе тут никто его не напишет)Мне вот например лень)
Менің атым - Аня. Мен мектепте оқимын. Менің сүйікті пәндерім: тарих, ағылшын тілі. Әр жыл сайын мен ағылшын тілі пәні бойынша олимпиадаға қатысамын. Мен ылғи жүлделі орындар аламын. Мектепте жақсы оқимын. Менің сыныптастарыммен қарым-қатынасым жақсы. Мен соншалықты көпшіл адам емеспін. Менің достарым көп емес, бірақ олар мен үшін өте маңызды. Мен олармен уақыт өткізгенді қатты ұнатамын. Сонымен қатар менің әуесқойлығым бар. Мынандай: сурет салу, гитарада ойнау, жақсы кітаптар оқу, қызықты фильмдер қарау сияқты. Мен музыканы өте жақсы көремін. Сол себепті оны ұдайы тыңдаймын.
<h3>Су - өте қажет адамға зат. Ол сұйық ,қатты, газ тәрізді түрінде болады. Су топыраққа нәр, ауаға ылғап беріп, жаратылыс әлеміне жан бітіретін тіршіліктің өзегі , алғашқы тіршілік суда пайда болып, жер бетіне тараған. Суды басқа ешқандай затпен алмастыруға немесе жасанды су жасауға болмайды. Дүние жүзіндегі барлық судың көлемі 1,386 миллион текше шақырымға тең. Су қабаты 5 метрден асқанда көгілдір түсті болып көрінеді. Жер бетінде ішетін су аз. Сондықтан біз суды үнемдеп қолдануымыз керек.</h3>
Майя Манеза - 1985 жылы 1 қарашада Қырғыз КСР-інің Тоқмақ қаласында туған. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген.
Әкесі - Манеза Салахар, кәсіпкер. Анасы - Манеза Руфина, үй шаруасымен айналысады.
Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтындабілім алуда.
Дүнген және орыс тілдерін біледі.
2007 жылдың тамыз айынан - ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009), ал2011 жылы күміс жүлдегер. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдікрекорд жасаған. XVI Азия ойындарының алтын жүлдегері (2010), ауыр атлетикабойынша ҚР кубогының иегері, ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері (2009). «Құрмет» орденімен марапатталған (2009). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).
Ал 63 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан М.Манеза жұлқа көтеруде 109 келіні бағындырып кіші қола медальға, ал серпе көтеруде 139 келіні еңсеріп кіші алтын медальға ие болды. Екі сайыстың қорытындысында үлкен күміс медальды қанжығасына байлады. Өкініштісі, серпе көтеру сайысында 147 келіге тапсырыс берген қазақстандық спортшы оны еркін еңсергенімен, төрешілер тарабы есепке алмай қойды. Ал осы салмақ санатында әлем чемпионы атанған ресейлік Светлана Царукаева жұлқа көтеруде 117 келіні бағындырып, әлем рекордын жаңартты. Есте болса, дәл осы спортшы 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Коян қаласында өткен әлем чемпионатында М.Манезамен бірдей салмақты бағындырғанымен өз салмағының біздің спортшыдан сәл ауыр болуына байланысты күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын.
Лондонда өтіп жатқан ХХХ Одимпиада ойындарында 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы Майя Манеза Олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 110 кг, серпе көтеруде 135 кг бағындырып, 245 кг көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартты. Кезінде өзі орнатқан әлем рекордын жаңарту үшін 144 кг салмаққа тапсырыс беріп еді, сәл күші жетпей қалды[1].