Арал теңізі ғасырлар бойы планетамыздың ең үлкен континенттік сутоғаны ретінде белгілі еді. Ол қазіргі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жатыр. Бірақ бүгінгі күні оның тартылып бара жатқандығы бізге сабақ болуы тиіс.
Ақырзаман деген тура осындай болар, – дейді Юсуп Камалов, алдымызда ұзыннан-ұзақ созылып жатқан, тал-шілік басқан шөл даланы қолымен нұсқай отырып. – Ерте ме, кеш пе, ақырзаман бола қалса, тек қарақалпақстандықтар ғана одан аман қаламыз, өйткені біз қазірдің өзінде-ақ ақырзаманды бастан кешіріп отырмыз.
Төбе-төбе болып жатқан ұлу қабыршақтары мен құмда қайраңдап қалған, тозығы жеткен қайықтар болмаса, Өзбекстанның солтүстігіндегі өзіміз тұрған құмдақ жартастың үстінен қарағандағы көрініс нағыз бір шөл далаға тап болғандай әсер қалдырады. Бұл ара кезінде Арал теңізіне сұғына орналасқан түбектің шеті еді. Ол 1960 жылы ауданы жағынан әлемде төртінші орынды иеленсе, оның аумағы шамамен 67 000 шаршы шақырымды құрайтын. Бұл дегеніміз, Батыс Вирджиния штатының аумағынан да үлкен деген сөз. Ал арт жағымызда Мойнақ қаласы жатыр. Ол бір кездері балық консервілеу зауыты бар, қанатын кеңге жая дамыған орын еді. Тіпті, бертінде, 1980 жылдардың өзінде ол жыл сайын мыңдаған тонна балық өндіретін. Елу жыл бұрын Арал теңізінің оңтүстік жағалауы тура біздің табанымыздың астында жатты. Ал қазір ол солтүстік-батысқа қарай 90 шақырымға дейін тартылып кеткен.
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған
шооооооооооооооооооооооо! хотябы фото прикрипил
Ответ:
кітаб оқимыз, жаңа акпарат аламыз
ұстаздарды тыңдаймыз
қандай сөздер жанымау фото жіберсейші аспанға қарап жазайынба?