Ответ:
Әрбір ата-ана баласының бір жасқа толғанынан бастап, жыл сайын туған күнін атап өтеді. Мұның ішінде баласының ең алғашқы мүшел жасқа (13 жасқа, содан кейінгі мүшел жас оған 12 жылды қосып отыру арқылы анықталады) толып, одан аман-сау өтуі ата-аналар үшін үлкен қуаныш. Жас сәби ержетіп, азамат болғаннан кейін өз туған күнін өзі өткізеді. Оған құрбы-құрдастарын шақырады, ата-аналарына да дастархан жаяды.
Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.
Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген Тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет.
Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз гүлдене, көркейе берсін!
Ответ:1. Астана мәртебесін алғалы бері қалада қанша шаршы метр үй салынды?
2. Астанада қандай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады?
3. Қай қаланың құрылысына жүздеген отандық және шетелдік құрылыс компаниясы қатысты?
4. Астанада қандай ғимарат көп?
5.Жана елорданың басты символы?
6. Бәйтерек кешенінде қандай композиция бар?
7. Астанада тағы қандай орталықтар бар?
8. Атана-арена жабық стадионында қанша адамға орын бар?
Объяснение: