Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.

Рахмет сөзің аударуға көмектесіңіздерші
Қазақ халқы -өте қонақжай .Қонақжайлық қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі.Ежелден қазақ халқы қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық.Сондықтан қазақта мынандай мақалдар бар «Қонақты қусаң- құт,ырыс қашады»,соған қарасақ халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.
Қонақ келсе дастарқан жайылып,дәмді тағамдар дайындалып,қазанда бауырсақ пісіп,ет асып жатады.Үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді.
Осының бәрі үй иесінің адамгершілігін,имандығын,сыйластығын көрсетеді Қазақ халқының қонақ-жайлылық қасиетін саяхатшылар мен ғалымдарды қатты таң қал- дырғаны тарихта жазылып қалған.

Абайлау- аңдап басу, байқап жүру,ақырындап
ақылды- білімді, білікті
ағайын- туыс, апалы-сіңілі
Сән әлемінде өткен ХХ ғасырдағы киім кию үлгісін өзіндік эстетикалық, ұлттық және философиялық ерекшеліктеріне қарап, бірнеше онжылдықтарға бөлу дәстүрі қалыптасқан: 40 жылдары – әскери киім үлгілерінің жаппай белең алуы; 50 жылдары – париждік шиктің гүлдену дәуірі; 60 жылдары – ағылшындық эксцентрика десек, 70 жылдары – хиппизм; 80 жылдары – итальяндық тенденциялар басым болса, 90 жылдары – жапондық дамыған жоғары технология заманы. Сол кезеңдегі киім кию үлгісі сән әлемінде өзіндік стильдер туғызды. Олар мыналар: «ретро», «гранж», «хаус», «байкерлер» мен «рокерлердің» стилінің әсерінен туған «панк» стильдері. «Классикалық үлгідегі» сәнқойларды сән тілінде «фрик» деп атайды, ағылшын тілінен аударғанда «ұсқынсыз» деген мағына білдіреді. Шын мәнісінде, нағыз фрик, панк пен хаустағылар стиліндегідей, өзгеден бөлек киімімен жұртшылық көзіне бірден түсуді өзіне басты мақсат етпейді, мұндағы бар бәле костюмнің ерекше көрінісінде. Костюмнің ұқыпты, ыңғайлы әрі өзгеше болуына ерекше мән беріліп, әсем көрінісімен хаустық стильді сүйетіндерді басып озады.