4) Қолөнер элементтерін киім сәндеу кезінде көп қолданып жүр. Әбу Насыр әл Фараби Шығыстың екінші ұстазы. Алтынтөбе - орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Жамбыл облысының Жалпақтөбе ауылындағы көшелердің бірінеШәмші Қалдаяқовтың есімі берілген. Пышақшытөбе- қару жарақ ұсталарының мекені.
5) пайда болды - не істеді? тіркескен сөз, күрделі етістік.
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани
Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.
Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнделікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.
Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. “Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң атышулы Машан бидің немересі.
Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің “Қаһар” атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақаңның әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі “Айқап”, “Дала уалаяты” атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. Ақаң алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін кеңес мектебінен үйренген. 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов) дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз.
Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалім болып бастаған Ақжан Жақсыбекұлы 1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумындағы – дайындық курсында оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының алғашқы студенттерінің бірі болып қабылданады.
Институтта оқи жүре, ол Алматыдағы техникумдарда, курстарда сабақ берді. Қазақстандағы маркшейдер мамандығының негізін қалаушы, профессор П.А.Рыжов зерделі студентті 1939 жылы аспирантураға алып қалады.
Ол ғылыми еңбегіне жер қойнауының геометриясын өзек етіп алды. Бұл екінің бірінің тісі бата бермейтін тың тақырып еді. Кертартпа ғалымдар ғылыми жаңалыққа күдікпен қарады. Алайда Ақанның диссертациясындағы кен орындарын зерттеудің жаңа әдісі Қазақстанның көптеген кен орындарында байқаудан өтті. 1940 жылы геологиялық-барлау ғылыми экспедициясын басқарып жүрген аспирант Ақжан осы жаңа әдіс негізінде Ақбастау-Қосмұрын алтын кен орнын ашты. Сөйтіп, кендердің жер қойнауында түзілу заңдылықтарын ашуда алғаш рет жер қойнауы геометриясының әдістерін қолдануы геология мен тау-кен саласында ғылыми жаңалық болды.
1946 жылы Ақжан Жақсыбекұлы Мәскеу қаласында “Кендер құрылымын жер қойнауын геометрлеу әдістерімен зерттеу” тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыс үш мамандықтың (геология, механика және тау-кен ісі) түйісінде жүзеге асқан болатын. Сөйтіп, үш ғылым саласының түйісуіне тау-кен ісінде жаңа ғылыми бағыт – “геомеханика” дүниеге келді
Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - 1983, Алматы) — қазақ жазушысы.
Еңбек жолы
1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы,
1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры,
1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор, 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы, 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, 1958-1967 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасының директоры, 1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады. Атбасарқаласындағы мектепке, Алматыдағыбір көшеге І. Есенберлин есімі берілген.
Шығармашылығы
І. Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы "Сұлтан", "Айша" дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасы" (1957), "Біржан сал трагедиясы" (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. "Өзен жағасында" (1960), "Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повестері жарық көрді. "Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972), "Жанталас" (1973), тың туралы "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974) романдары, "Көшпенділер" трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), "Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар" (1983), Аққу құстың қуанышы" (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды.
Есенберлиннің "Маңғыстау майданы", "Аманат" (1978) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес өкіметі]] жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын "Айқас" романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан "Песня о человеке" (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. "Таудағы тартыс" (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған "Құйма" (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді.
Ӏлияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. "Схватка" ("Айқас", 1957); "Опасная переправа" ("Қатерлі өткел", 1970); "Влюбленные" ("Ғашықтар", 1970); "Хан Кене" ("Қаһар", 1971); "Заговоренный меч" ("Алмас қылыш", 1973); "Отчаяние" ("Жанталас", 1974); "Прикрой своим щитом" ("Көлеңкеңмен қорғай жүр", 1976); "Мангистауский фронт" ("Маңғыстау майданы", 1981); "Золотая Орда" ("Алтын Орда", 1985) деген атпен Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық көрді. Жекелеген шығармалар украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт,қарақалпақ, венгр, поляк, ағылшын,француз, қытай, неміс, араб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде "Көшпенділер" трилогиясы, "Адам туралы ән", "Қатерлі өткел", "Ғашықтар", "Айқас" романдары бар.
I.Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К.Д.Ушинскийдің "Әңгімелері мен ертегілерін" (1945), М.Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған "Қызыл дария" (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдарменмарапатталған.
Еліміз егемендік алып, еңсеміз көтеріліп, елдігіміз бен теңдігіміз теңеліп, дініміз бен тіліміз қайта жаңғырып, тәуелсіз қазақ елі біршама жетістіктерге жетті. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған бабаларымыз бен даналарымыздың артында қалған армандары мен аманаттары орындалып, көп ұлтты қазақ елі жиырма жылдың ішінде біршама өркендеп, экономикасы мен әлеуметтік жағдайы көтеріліп, әлемнің дамыған елдерінің қатарынан көрінді. Атап айтсақ, дамыған мемлекеттер арасында ЕЫҚҰ мүшелігіне қабылдануымыз. Тұңғыш рет елімізде Азиада алауы тұтанып, қазақ елінің мерейі үстем болды. Ел болып егеменді қазақ елі,Алматым сұлу көркі асқақ еді.Жөнелтіп ұлы көшті Арқа жаққа, Нұр ағам нұрлы жолға бастап еді. Біздің осындай мақтанышпен қарайтын Алматы және Астана қос қаламыздың келбеті әлем тарихынан орын алды.Астана қаласы азғана уақытта салтанатты гүлденген қалаға айналды. Бұл Тәуелсіз елімнің басына қоған бақыты екені айқын.Қазақ елінің терезесі теңеліп, осында тұратын елімнің ынтымағы мен татулығы жарасқан. Тәуелсіз еліміздің ертеңі, болашағы қазіргі жастар мен жас жеткіншектер біздің келешек ұрпақтарымыз. Келешекте қазақ елі бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне әрбір азамат өз үлесін тигізіп, ат салысса нұр үстіне нұр болар еді. Қазақ елім, тұғыры биік алыпсың,Егемен елім тарихыңа қанықпын.Көгілдір туың көгінде мәңгі желбіреп,Берекесі мен бірлігі артсын халықтың! Тәуелсіз қазақ елінің айы оңынан туып, биіктерден көріне берсін.