Сəлем Дана?
Сəлем Асыл
Асыл сен қандай үйірмеге қатысасын?
Мен би үйірмесіне қатысамын
Сендер қандай би үйренесіндер?
Біз əр түрлі билер үйрнеміз
Рахмен сау бол?
Сау бол
Жақсы адамдар спортпен айналысады, дұрыс тамақтанады. Спортта көптеген секциялар: волейбол, баскетбол, футбол, суға жүзу, фитнес, аэробика және т. б. Өте маңызды болып табылады түсіну,бұл спорт маңызды бөлігі адам өмірінде. Ол көмектеседі және моральдық бөлігінде души, сондай-ақ дене. Болсын барлық адамдар түсінеді, бұл бастайды басқаша өмір сүруге!
Ответ:
"Бәйге
" тақырыбына шағын әңгіме.
Сенбі күні ауылымызда бәйге өтті. Бәйгеге алыс жақын жерлерден ең мықты деген отыз шабандоз қатысты. Бас жүлдеге автокөлік, ал қосымша жүлделерге ақшалай сыйлықтар тігілді. Ауылымыздың ең беделді екі ақсақалы бәйгеге төрешілік етті. Ауылдасымыз Омар осы бәйгеде бәрінен озып шығып, жеңімпаз атанды. Омарды жеңісімен құттықтаймыз!
Алтын адам
«Алтын адам» 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.
Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.
«Алтын адам,
Алтын адам...
Адам жоқ!
Алтын қалған жарқыраған» деп Мұқағали ақын жырға қосқан Алтын адам туралы айтылған ақиқат та, аңыз да көп. Сонау 1970 жылдары тек Қазақстан үшін емес, төрткүл әлем үшін үлкен жаңалық болған Алтын адамның жұмбағы күні бүгінге дейін толық шешілмей келеді. Тарихшы ғалымдар, антропологтар мен археологтар Алтын адамды жан-жақты зерттеп жатқанымен, әлі де көпшіліктің көкейінде сұрақ жетерлік.