Жіңішке сымға тартқан әні қандай. Балауыз балбыраған тәні қандай. Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, Толықсып толып тұрған сәні қандай. Еріткен іші-бауырыңды көзі қандай, Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, Жайтаңдап жан күйдірген көзі қандай! Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, Қайнамас оны көріп кімнің іші? Алмас қылыш жүзіндей аударылған, Сүйгізіп көлеңкесі әрбір ісі. Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып, Бойының мінсіздігі онан асып. Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді, Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып. Толған ай шілдедегі жалт-жұлт еткен, Мүбәда көрген кісі қиыр шеттен. Көлеңкесі күйдіріп күні-түні, Есінен екі-үш айда әрең кеткен. Талайы бозбаланың болған ғашық, Уай шіркін! Болсайшы деп бізге нәсіп. Егерде Қамарменен тіл қағысса, Құдай ұрып жым болар қара басып. Омар да қоя берді бетін қақпай, Жүрсе де сонысынан жұртқа жақпай. Әркімдер құдалықты ойланса да, Қамар қыз қайдан көнсін теңін таппай. Қамар осындай сәулетпен бұлғақтап болып тұрған кезінде құдай берген дәулеттің арқасында абырой, атақ бірдей келіп толықсып тұрған кезінде: Сұлу Қамар, ақын Қамар, жаным Қамар, Қамаржан, сені ойласам, ішім жанар. Үлбіреген аузыңнан бір сүйгізсең, Ішкендей кәусар суын мейірім қанар...- дегендей өлеңдер сол маңайдағы бозбалалардың аузынан екі елі тастамайтын тәсбиғы еді. Және бір нәрсені көңілдері ұнатып, мақтағысы келсе: "Уай, шіркін! Мынау Қамардай екен!" десуші еді. Кей уақыт Қамардың көзіне жазатайым көздері түсіп кеткендері де әлдеқандай көтеріліп, қуанып қалушы еді. Қамар біреуінен әншейін бір істің жөнін сұраса да: "Қамар маған сүйдеді, бүйдеді..." деп, неше күндей әркімге бір әйгілетіп, даурығуға со да жетуші еді. Қамар осылай әркімнің көзіне күйік болған қалпымен күннен-күнге құлпырып, он бес жасына жетті. Бұл кездері баяғы теңмін деп құмартып, құлқынын құртып жүретін замандастарынан жоғары секілді телміріп жазған өлеңдер, хаттар судай ағылып келсе де, кейбіреулерін жауапсыз жыртып, кейбіреулерін өзінің шешендігімен жебедей жерге енгізіп, енді қайтып бас көтеруге жаратпай тастай беруші еді. Сол кезде аса жақын болмаса да, Омарларға үш-төрт атадан барып қосылатын Сарбас деген ауылда Жәуке деген кісінің оқу соңында жүрген жиырма бір жаста Ахмет есімді бір жақсы зерек баласы бар еді. Жәуке өзі нашар кісі болса да, бар тапқан-таянғанын жалғыз баласы Ахметтің оқуына салып, жасынан олай сүйреп, былай сүйреп жүріп, әйтеуір молда атына іліктіріп еді. Бертін келген кездерде Жәукенің ол бейнеті босқа кетпей, Ахметтің арқасында аузы асқа, ауы атқа тиіп, есіктегі басы төрге жетті. Аса байып кете қоймаса да, өзіне-өзі тоқ, жақсы ғана дөңгелек ауқат та бітті. Бұл Сарбас ауылы осы Омекеңдермен ыңғайлас, жазғы, қысқы қоныстары бір, аралас-құралас еді. Ахметпен Омардың үлкен баласы - Қасен құрдас һәм жасынан бірге өсіп, бірге оқып, біте қайнаған сырлас еді. Бірінсіз бірі тыншып тұрмас еді. Мұсылманша оқуды екеуі сабақтас болып оқып рушді сыныфтарын* бітіріп, онан соң ауылнай школда оқып тәмамдаған соң Қасенді әкесі гимназияға енгізіп, Ахмет қолының қысқалығынан онан артық ұзай алмай қалғандығына бірсыпыра жыл болып еді. Ахмет онан соң да тағы талпынып оқып, иғдади сыныфтарын** бітірді. Бертін уақыттарда үлгілі жерлерді аралап, тәртіп, дүние танығысы келсе де, қартайған әкесін қимай, өзі жалғыз болған соң қайтерін білмей қарайлап жүрген жайы бар еді.
Айбол кишкентайынан спортка сонын ишинде бокска катты кызыкты.Ата анасы онын ынтасын байкап 6 жасында бокс уйирмесине жазгызды. Казир ол 10 да. Ол жаттыгуын калдырмай жасап журсе де ринг ке шыкканда жениле беретин .Дегенмен ол кайтпай жаттыша берди. Енди мине бушин ол достарынын арасындагы ен мыктысы Ердос
Қалқаман Саринді блесің бе? Сәлем! Ия әрине білемін! Ол жақсы жазушы ғой! Оның өлеңдерін жаттап алғамын! Әсіресе мынау өлеңін жақсы көремін: Көңілді қоңыр салқын саз жүдетіп, Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп. Құлайды жапырақтар құба талдан, Күрең күз құдіретіне тағзым етіп.
Кеші еді солқылдаған күздің суық, Не шара, жасыл жаздан үздірсе үміт? Базары тарқап кеткен бақ ішінде Күтіп тұр әлдекімді Қыз күрсініп.
Жас талдың аптыққан жел есін алды, Құрғырдың қылығы жоқ еш ұнамды. Жылаған жапырақтың жетім күйі, Әп сәтте көңіліме көшіп алды.
Арқаның өңменімнен өтті желі, Күдерін қайтқан құстан көк те үзеді, Бозбауыр бала бұлттар боздап тұрып, Бораған қыстан хабар жеткізеді.
Бәлкім бұл кездесу ме тұңғыш, ап-пақ, Бақтағы қыз да сабыр тұрды сақтап. ...Бір жігіт сұр көшеге көрік беріп, Келеді қызыл-жасыл гүл құшақтап.
Елемей қырды гүлсіз, күнді нұрсыз, Кездесіп тұрды екеуі. ...Тұрмын үнсіз. <span>Батырған мені мұңға қоңыр Күз бен </span> <span>Жігіттің қолындағы гүл ғұмырсыз... </span>Ия менде бұл өлеңін жақсы көремін Сау бол! Сау бол!
Байқоңыр қаласы қай жерде орналасқан? Қызылорда қаласында. -Тұңғыш ғарышкер кім? Юрий Гагарин Ғарышқа ұшқан қазақ азаматтары кімдер? Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев,Айдын.