Қыш бұйымдар жасауда шешуші кезең күйдіру болып табылады. Себебі пішінделген, өңделген саз балшық күйдіру арқылы ғана керамикаға айналады. Күйдіру барысында саз құрамында аса күрделі өзгерістер болып, оның жасанды силикатқа айналу процесі жүреді. Қыш бұйымдарды күйдіруде пеш құрылымы ерекше маңызға ие.
Керамикалық бұйымдарды ойдағыдай күйдіру үшін оларды пеш ішіне орналастыру аса жауапты іс. Осыған орай ыдыс арасына қоятын саймандар дайындалады. Олардың қалыпта алдын ала нобайы әзірленіп күйдіріледі. Мұражай қорында осындай үлгілердің бірі – жалпақ үш аяқты сепоялар мен боялған ыдыстарды күйдіруге арналған тиектер бар. Сепоялардың әрбір аяқтарының ұшында үштік шошақтар бар. Осы табанды сыр жағылған ыдыс бетіне тіркейді.
Кеселерді күйдіруге жайғастырып, оларды төңкеріп, табанды жоғары қаратып қояды. Араларына сепоялар үштіктерімен жоғары қойылады. Осындай үлгідегі сепоялар Мервте, Еділ бойында кездескен. Сепоялардың тағы да үш аяқты түрі ұшырасады, бірақ олардың үштік табандары жоқ. Бұл үлгідегі сепоялардың аяқтары түгелімен саусақпен қысу арқылы қырланып жасалған. Ыдыстардың жиегі осы қырға сүйенген. Мұндай сепоялар негізінен тік бойлы ыдыстарды күйдіруде қолданылған. Кесе жиектері күйдіретін пеш сөресіне тимеу үшін «сари» деп аталатын құрал жасалған. Бұлар қазіргі гүл өсіретін құмыралар тәрізді, пішіні кесілген конусқа ұқсайды. Кейбір үлгілеріне тесік орнатылған. Тесікті сарилер ішімен ыстық леп жүріп, ыдыстарды жақсы күйдірген. Ыдыстарды пеште орналастыруда қолдан жасалған тіреушелер (тиектер) қолданылған.
Сұр түсті керамика өндіруде күйдіру шешуші орын алады. Себебі керамика түсінің өзгеруі, ең алдымен, күйдіру процесіне байланысты жүзеге асқан. Мұндай керамиканы күйдірудің ақырғы сатысында пеш ішіне бықсып жанатын ылғалданған сабан, шөп, жаңа жұлынған бұтақ салынып, оның тесіктері тұтас бекітілген. Күйдіру процесінің соңында тасталынған бұл заттар бықсып жанады. Бұл аса сақтықты талап етеді, себебі мөлшерден тыс тасталса, ыдыстың бетін ала-құла етуі мүмкін. Бұл процесс уақыты жағынан да ұзаққа созылады. Сондықтан пештің толық суынуын күту қажет.
Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:Сүйемін туған тілді - анам тілін,Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.Шыр етіп жерге түскен минутымнан,Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г. Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам - ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде:Мен оның түнін сүйем, күнін сүйемАғынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.Мен оның қасиетті тілін сүйем Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді. Менің елім - көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Бұл - біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі - қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз - бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы.Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне:Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем!Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.Бірақ сені қазақ деп айта алмаймынТуған ана тіліңде сөйлемесең, - дегім келеді.Сырдың сыршыл ақыны Ә.Тәжібаев «Біз түгел қазақ бола білейік» деген өлеңінде:Күркіре, көңілім,Қобызым, гуле, бұрқыра!Күн жаңа тудыЕрлікке ғана ұмтылар.Елдікті қорға,Елдікті бастар ерлікті айт.Сарының сеніңРух берсін жуас жұртыңаЖырла, тілім, жырла! - дейді.Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл - қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек!Мен өз тіліммен мақтанамын!Қазақ тiлiм менің жәнеде қазақ елінің мақтанышы!
Жүреміз-жүрмейміз, жабасыз-жаппайсыз,қоясың-қоймайсың, тоқтатасындар-тоқтатпайсындар, ішеді-ішпейді, аламын-алмаймын, ойнайды-ойнамайды, сөйлесесіздер-сөйлеспейсіздер, қазамыз-қазбаймыз, барасыздар-бармайсыздар, білемін-білмеймін,сағынасыздар-сағынбайсыздар, дайындаламыз-дайындалмаймыз, сатады-сатпайды, қыдырасыңдар-қыдырмайсыңдар, жанасың-жанбайсың, әкелемін-әкелмеймін, санайсыз-санамайсыз, бересіңдер-бермейсіңдер, жатасыз-жатпайсыз, киінесің-киінбейсің.
Что шепчет нам недремлющий брегет? —
«Уходит жизнь... Её все меньше, люди...
Вот кончилась минута на глазах,
Была и нет... И больше уж не будет...»
Часы идут и нашу жизнь крадут,
Куда её уносят — Бог их знает,
Не удержать нам реку из минут,
Неумолимо время исчезает.
Чего же ты медлишь? Делай всё сейчас,
Лови свой миг любви или прозренья,
Чтобы потом на годы не пенять.
Не упускай же этого мгновенья!
Ах, годы старости — студёная вода,
Часы кружатся льдинами, не тают
И шепчут мне: «Не будешь!... Никогда...»
Часы идут...
И внук мой подрастает.