Алтын адам
«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
Қазақстан көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың әрқайсысы қазақ тілін және мәдениетін жақсы меңгерген. Қазақстанда еркін, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Оның бәрі ұлан байтақ еліміз бен жерімізді аман сақтап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған ата-бабаларымыздың арқасы. Осы бейбітшілік үшін ата-бабаларымыз, сан мыңдаған батырларымыз жанын қиды. Қазіргі таңда Қазақстан күннен-күнге көркейіп келе жатыр. Еліміздің бас қаласы – Астана. Астана жас қала болса да, ерекше көздің жауын аларлықтай керемет. Сонымен қатар көкке асқақтай көтеріліп, еліміздің айбынына айналған бәйтерек те Астана қаласында орналасқан. Бәйтерекке күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінен, шет елдерден жиналған адамдар бір толастамай ағылып келіп жатады. Сондай-ақ Ханшатыр, Ақорда, «Қазақ елі» монументі сияқты ерекше көрікті жерлер аз емес. «Қазақ елі» монументі 2009жылы 20 қазанда еліміздің басты бейнесі ретінде бой көтерді. Монументтің биіктігі 90 метр. Ал рәміздерімізге тоқталатын болсақ, олар: Әнұран, Ту, Елтаңба. Біздің еліміздің туы көк түсті. Ортасында күн мен қыранның суреті бейнеленген. Күн еліміздің болашағы жарқын, жолы ашық ел екенімізді білдірсе, қыран құс еркін, азат, тәуелсіз мемлекет екенімізді білдіреді. Туымыздың шеткі жағында алтын түстес бояумен боялған ұлттық оюымыздың бірі болып табылатын қошқар мүйіз бейнеленген. Ал Елтаңбамызда бидай қанатты пырақ, жұлдыз, шаңырақ орналасқан. Бидай еліміздің молшылығын білдіреді және қасиетті де, қадірлі нанымыз осы бидайдан алынады. Жұлдыз ол әрқашан кеңпейіл болашағымыз жарқын ел екеніміздің символы. Бұрындары адамдар жұлдыздарға қарап, ауа райын, жұлдыздардың бағыт-бағдарын анықтаған. Демек, жұлдыз біздің жұлдыздай жарқырап, әлі талай асуларды бағытдыратынымыздың нышаны. Қанатты пырақ қанатын кеңге жайып, даламыздың шексіз байтақ екенін білдіреді және тұлпардай жүйрік екеніміздің бірден-бір белгісі. Шаңырақ ол татулық пен бірліктің, ынтымақ пен күш-қуаттың белгісі ретінде алынып отыр. Шаңырақ біздің ата қонысымыз, көшпелі қазақ халқының жайлы баспанасы бола білген, қазақ үйдің төбесінде тұратын бір бөлігі.Қазақ халқы шаңырақты киелі деп санаған.
<span>Дереккөзі: </span>https://www.zharar.com/kz/shygarma/10031-kazakhstan.html
<span>© www.ZHARAR.com</span>
Ашылған,емделеді,пайдаланады,қолданылады.