--Сен қалай дұрыс тамақтану керек екенін білесін бе?
--Иә ,білемін.
-Қалай дұрыс тамақтану керек.?-
-Тамақ алдында қолды жуу керек. Тамақ ішерде теледидар көруге ,кітап оқуға болмайды.
--Неге?
--Өйткені сенің организмің де алаңдайды.
--Тамақты қалай ішу керек?
--Тамақ ішкенде асықпай ,әбден шайнап жеу керек.
--Дұрыс тамақтану не үшін керек?
--Дұрыс тамақтану --ол денсаулықтың кепілі.
Көп рахмет.Осы ережелерді мен ұстанамын.
Айнұрдың ағасы 1997 жылғы. Біздің көршілеріміздің қыздары 2000 жылы туылған. 2011 жылы өткен Жаңа жыл басқа жылдарға қарағанда ерекше өтті
Менің Қазақстаным Менің туып, өскен жерім- Егемен ел Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз, ұлан байтақ, егеменді ел. Қазақстан Республикасының рәміздері- ұлт мақтанышы.Республикамыздың үш мемлекеттік рәміздері бар: ту, елтаңба, әнұран.Туда бейнеленген көк түс- көгілдір және ашық аспанымыз, қалықтап ұшқан қыран бейбітшілік пен бостандығымыздың бейнесі. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ, жұлдызша және «қазақстан» деп жазылған таңба бар. Әнұран- әр қазақ баласының патриоттық сезімін тудырары хақ. Қазақстан – көпұлтты, унитарлы, тәуелсіз мемлекет. Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде. Біз – ынтымағы жарасқан елміз. Қиын- қыстау кезеңде тағдырлары табыстырған халқымыз бір шаңырақтың астында сүттей ұйып өмір сүріп жатыр.Ал мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Қазақстанда қазақ және орыс тілдер бір қалыпты қолданылады. Өйткені, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі-ұлтаралық тіл. Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді меңгеру және білу керек. Көзді ашып жұмғанша астанамыз – Астана қаласы – Елордамыз мінекей, күн сайын сұлуланып көркейе түсуде. Мен Қазақстан Республикасында туып өстім. Кіндігімді кескен жер де Қазақстан. Ата- анам мені туған жерімді сүюге, қадірлеуге кішкентай жасымнан үйретуде. Қазақстан мен үшін ең қадірлі жер болып табылады. Мен туған жерімді шын жүректен сүйемін және де мәңгі бақи сүйіп өтемін!
Қазақстан менің жерім, менің елім,
Қадірлеп, қастерлеп сені өтемін, - деп ақын жырында айтқандай, мен болашақта мамандығым қандай болса да, елім үшін тер төгіп гүлденіп көркеюіне өз үлесімді қосамын!
Кішкентай ғана жүрегім әрқашан Отаным деп соғады. Мен өз Қазақстанымдай байтақ елімді мақтан тұтамын!