Болатын
мағлұматтар іздеу ге
өзіңе керекті заттарды үйренуге
болмайтын
біреуді балағаттап жазуға
өтірік мəлімет беруге
Қараадырдың қарағанды сайы елсіз.
Жақын төбелердың барлығын аласа боз қараған ,тобылғы басқан.
Бастары көгеріп ,бүрленіп , қалған қалың қараған жел лебімен сыбдыр -сыбдыр қағып теңселіп ырғалап қояды.
Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында да терең кұз жар бар.Соның бас жағында, итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар.Бұрын итмұрын жанындағы кішкентай алаңда кеңдігі кісі сыйғандай үш үлкен ін болатын.Биыл жас топырағы жағасында дөңкиіп ,тағы бір жаңа ін шыққан.
Жазғы демалыста ата-апамның ауылына бардым. Олар Шымкент қаласы, Қазығұрт ауданында тұрады. Оңтүстікте жемістер өте көп піседі. Сол жемістерді жинап, қысқа дайындауға ата-апаларыма көмектестім. Мен ауылда басқа да үй шаруасына көмектестім. Өрік теріп, бұзау айдап, құрт жасап және сиыр сауып үйрендім. Терілген өрікті күн көзіне жайып, қақ жасаймыз. Ауылда жұмыс көп. Мен ауылды өте жақсы көремін. Ауылда адамдар еңбекпен көп шұғылданады. Менің төрт бауырым бар. Олардың жастары менен кіші. Мен ең кіші сүйкімді інім Ахметті жаз бойы қарадым. Ол жеті айлық. Анама бала қарауға, жаялық жууға, үй жинауға жәрдем етемін. Анам - мұғалім, әкем - қызметкер. Олар әрқашан жұмыста, оқуда. Маған анам айтады: «Сен үйдің үлкенісің бауырларыңа мейіріммен қарасаң, олар өскенде саған өте мейірімді болады», дейді. Мен бауырларымды қатты жақсы көремін. Сондай-ақ, маған анам Джеймс Гринвудтың «Өгей шеше» атты кітабын әперді. Кітап маған қатты ұнады, жылағым келді. Себебі, кітап өте аянышты. Өйткені, өгей шеше баланы қатты қинайды, ұрады, тамақ бермей қояды. Бір күні кішкене қарындасын құлатады. Өгей шеше ұрады, бала қашып кетеді. Баланың қиыншылық көргендері суреттеледі. Мен кітапты оқып бітірдім. Міне, біз Ақтау қаласына да келдік. Жазғы демалысым мен үшін өте қызықты өтті. Сабақ басталады, енді сабаққа дайындалу қажет. Мектептегі достарымды сағындым.
Менің сүйікті кітабым "Қазақ ертегілері" Ертегілер мені қиял ғажайыптарға жетелейді.Кітапты оқып отырып сол таңғажайыптың ішінде жүргендей боламын.Еш қашанда оқып отырғанда зерікпеймін. Керісінше мені кейіпкерлермен бірге ұзақ сапарларға алып кетеді.Оқып болғаннан соң ертегідегі батырдай болып елімді қорғағым келеді. Ақылды болып жетім-жесірге қайрымдылық жасасам деймін. Менің бойыма кітап оқу арқылы қайрымдылық, өжеттік қасиеттері сіңе бастады. Мен сондай кереметтерді армандайтын болдым. Сондықтан оқыған ертегілерімді басқа балаларға айтып беремін.Ойым олар да мен сияқты армандаса екен.
Нормально сфотай нечего не видно