Жекеше:
1) Мен баяндаймын
2)Сен баяндайсың
Сіз баяндайсыз
3) Ол баяндайды.
Көпше:
1) Біз баяндаймыз
2) Сендер баяндайсыңдар
Сіздер баяндайсыздар
3) Олар баяндайды.
Жекеше:
1) Мен баяндамақпын
2) Сен баяндамақсың
Сіз баяндамақсыз
3) Ол баяндамақ.
Көпше:
1) Біз баяндамақпыз
2) Сендер баяндамақсыңдар
Сіздер баяндамақсыздар
3) Олар баяндамақ.
Жекеше:
1)Мен баяндармын
2)Сен баяндарсың
Сіз баяндарсыз
3)Ол баяндар
Көпше:
1)Біз баяндармыз
2)Сендер баяндарсыңдар
Сіздер баяндарсыздар
3)Олар баяндар.
Менің Отаным-Қазақстан. Қазақстан дербес, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда сан-алуан ұлт өкілдері тұрады. Олар білім алуға, жұмыс істеуге демалуға тең құқылы. Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі. Отанымыздың өз рәміздері бар. Олар: ел таңбамыз, ән ұранымыз және туымыз. Мен кең байтақ Қазақстан Отаным болғанын мақтаныш етемін.
Моя Родина- Казахстан. Казахстан самостоятельный, независимый государство. В Казахстане живут представители разной национальности. Они имеют одинаковые права на учебу, на работу, на отдых. Есть свои символы Родины. Они: герб, гимн и флаг. Я горжусь, что такая огромная страна моя Родина.
Шуақты көктем
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Жылы жақтан құстар қайтып, "көктем келді" бір - бірімен жарыса, жар салады. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді.
Наурыз мейрамынан соң, күн мен түн теңеліп болып, енді гәрі күн ұзара түседі.
Көктем мезгілі басқа жыл мезгілдеріне қарағанда осынымен ерекшеленеді.
ХХІ ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: Көздің көру қабілетін төмендетеді; Омыртқалардың қисаюына әкеледі; Жүйкеге салмақ түсіреді; Шаршағыштық, әлсіздік басады. Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл - ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл - күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады.