Ответ:
-Сәлем, Жанар
-Сәлем
-Кеше қазақ тілінен қандай тапсырма беріп еді? Мен күнделікке жазбадым.
-Кеше қазақ тілінен "өнер алды- қызыл тіл" деген сөзді қалай түсінесің? түсінгеніңді жазу керек.
- "Өнер алды-қызыл тіл" дегенді қалай түсінуге болады? Түсіндіресің бе?Өтінемін
-Менің ойымша "Өнер алды-қызыл тіл" Мақсаты-еліміздің мемлекеттік тілі мәртебесін көтеру Оқушылардың өз ұлтына,еліне сүйіспеншілігін арттыру сөз өнеріне баулу деп ойлаймын.
-Көп көп рахмет
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.
<span>Дереккөзі: </span>https://www.zharar.com/kz/shygarma/3428-til.html#read
<span>© www.ZHARAR.com</span>
Ескерткіш-9 әріп, 9 дыбыс, 3 буын
е-дауысты, жіңішке, ашық, езулік
с-дауыссыз, қатаң
к-дауыссыз, қатаң
е-дауысты, жіңішке, ашық, езулік
р-дауыссыз, үнді
т-дауыссыз, қатаң
к-дауыссыз, қатаң
і-дауысты, жіңішке, ашық, езулік
ш-дауыссыз, қатаң
Өңдеу
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып , үйлесімді құрылуы.
<em>Қазір күз мезгілі. Күз мезгілдері:қыркүйек, қазан,қараша. Күзде күн суытады, жаңбыр жиі жауып тұрады.Суық жел соғады.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді күзде бақтар піседі.жемістермен көкөністер піседі. Бұл мезгіл маған қатты ұнайды.</em>