Бәйтерек», «Астана – Бәйтерек» – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м, диаметрі 27м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.
Тілге келмеу-не мог вымолвить ни слова, не вымолвив ни слова
Тілге байлану- язык не поварачивался
тілі қышыды- хотел сказать, не смог сдержать язык за зубами
Тілсіз қалу- молча глядел
Айнала аппак кар. кун суык. айбол, Нурлан, Дидар ойнап журип жаурап турган кустарды корди. олар биригип кустарга жемсауыт жасап жем шашты. Тойып жылынган кустар канаттарын кагып ойнап жур.
Друг пришел домой, как ты можешь пить отырсың ужин всей семьей
Сабырлылық — адам мінез-құлқына тән байыптылық пен ұстамдылықты білдіретін асыл қасиет.
“Сабыр түбі — сары алтын”, “Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа” деген халық даналығында сабырлылық адамды жамандықтан сақтап, жақсылыққа бастайтын ізгі қасиет ретінде айқындалады. Сабырлылық қажыр-қайратпен ұштасып, ер бойындағы ар, ұждан, ынсап сияқты қасиеттерге негіз болады. Сабырлылық әрбір істің ақырын ниет ақтығына табан тіреп, әділеттілікке сенімін жоғалтпай күтіп, байсалды әрекет жасаудан көрінеді. Сабырлылық өз ісінің ақтығына сенімді, ниет-тілеуі түзу, тағдырдың бір құдайдан екендігіне сенетін, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарап, мойымайтын адамға тән. Сабырлылықтың қажыр-қайратпен оның адам бойындағы бойкүйездік, немқұрайдылық, еріншектік сияқты жаман қасиеттермен ымыраласпайтындығының негізгі белгісі. Себебі аталмыш жаман қасиеттер үмітсіздіктен, торығудан, жасып, жабығудан, тоғышарлықтан туындайды. Сабырлылыққа қарама-қарсы тағы бір ұғым орынсыз ашушаңдық болса, ол адамның ақылға жүгінбей, шолақ ойлар байыпсыздығының, салмақсыздығының көрінісі. Сондықтан да сабырлылық адами кемелдіктің белгісі ретінде ақылды — азық, қайратты — қару, иманды — серік еткен ер бойынан байыптылық, ар-ұят, ынсап ретінде табылатын асыл қасиет.
“Ас-сабур” — Құран Кәрімде Құдайдың көркем есімдерінің бірінен аталып, оны Алланың ізгі сипаты деп біледі. Құдайға тән “сабыр” сипаты адам ақылынан тыс екені белгілі. Себебі ол уақыт пен мекенге тәуелді емес. Ал уақыт пен мекенге және өзінің пенделік әлсіздігіне байлаулы адам үшін, “Иеңдей болам деме, иеңе ұқса” деген аталар өсиетіне лайық, ниетін түзеп, ізгілікке ұмтылуы, сабырмен серік болуы рухани дамудың жолы.