Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
Әуелі бойыңда талант болсын,
Талантыңа талабың қанат болсын.
Абай Құнанбаевке алғашқы семейде Ахмет Риза медресесіне оқуға береді.
А.С. Пушкин,Науаи,Физули,Жәми,И.А Крыылов т.б.
Мен соғысты жек көрем!
Қайрат Жұмағалиев.
Мен соғысты
Жек көрем!
Көкем айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген.
Кім көз жасын төкпеген!
Талай өткен ғасырлар
Еш соғыссыз өтпеген.
Мен соғысты жек көрем!
Күні ертең-ақ ер жетем!
Қиялымды өрлетем!
Туған жерді Әлпештеп
Кірпік ілмей тербетем!
Жету үшін мұратқа
Сапар шегем жыраққа!
Ғұмыр бойы соғысам
Асу бермес белдермен!
Асау өзен-көлдермен!
Құлазыған шөлдермен!
Мен соғысты жек көрем!
Адамзатты жеткізем,
Арманына жетпеген!
Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт «жыл» деп аталады. Жыл он екі айға бөлінеді. Қазақша ай аттары: наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Жыл басы – наурыз айы. Әрине, бұл ежелгі қазақша жыл санау бойынша. Өйткені, бұл айда күн мен түннің көктемгі теңелуі (21 наурыз) болады. Мұнан әрі күн тез ұзарып, жер беті жылына бастайды, бүкіл жан-жануарлар, өсімдік атаулы, яғни, табиғат оянады. Қазақтың халық тәжірибесінде жыл санаудың негізіне мүшел алынады. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес. Шамасы, табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген болу керек. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. 12 жылдық қайталама негізінде мүшелмен жыл есебін жүргізуді қазақ халқы «жыл қайыру» деп атайды.