<em>Бәрі де, Ана,</em><em>Бір өзіңнен басталды. </em><em>Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды. </em><em>Қуандым ба,</em><em>Өзің бар деп қуандым. </em><em>Жыладым ба,</em><em>Өзің жоқ деп жас тамды. </em><em>Бәрі де, Ана,</em><em>Бір өзіңнен басталды. </em><em>Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды. </em><em>Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, </em><em>Жасқандым ба, </em><em>Тек өзіңнен жасқандым. </em><em>Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді, </em><em>Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді, </em><em>Отанымның өзі сенен басталып. </em><em><span>Жауларыма жеткен жерден бітеді.</span></em>