Мое либимое блюдо- бешбармак. Менің сүйікті тағамым- бесбармақ.Это национальное блюдо Казахов . Бұл Казактын ұлттық тағам. Бешбармак готовят из мяса. Бешбармақты еттен жасайды. Мясо полезно для здоровья. Ет денсаулыққа пайдалы. Кто ест много мяса не должен болеть. Етті жиген адам ауырмау керек.Екінші сүйікті тағамым- пельмен. второе либимое блюдо-пельмени. Бұл Орыстын ұлттық тағам. Это национальное блюдо Русских. Бұл оте дамди тағам. Это очень вкусное блюдо .маған коптеген тағамдар унайды.Мне нравиться очень много блюд.Маган унайтын тагамдар туралы мен кыскаша сиздерге айтып бердим .я рассказал вам немного о блюдах которые мне нравятся
Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Семіздің аяғы – сегіз.
Алпыстағы атаңды жыққанша,Алтыдағы атанды жық.
Он екі айда он үш той.
Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.
Алты бала таппай ана аталмайды,Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.
Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.
Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.
Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.
жеті атасын білмеген ұл жетесіз.
Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.Өзін ғана білген ұлҚұлағы мен жағын жер.
Жігітке жеті өнер де аз.
Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.
Қарғыс жеті атаға жетеді.
Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.
Кедейдің жеті қаңтары бар.
Жетім бала жеті күлшеге тоймас
Жетімге жеті бидай да тамақ,
Жетімнің қарны жетеу
Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.
Айла алтау, ақыл жетеу.
Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.
Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас,
Тойған үйге тоғыз бар,
Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды,
Тоғыз қатынның толғағы бір келді,
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
Бір ит көріп үреді,Екі ит еріп үреді.
Бірінші байлық – денсаулық,Екінші байлық – ақ жаулық,Үшінші байлық – он саулық.
Елуінде – ер дана,Елуінде – ел жаңа.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.Отыз тістен шыққан сөз,Отыз руға тарайды.
Мыңның жүзін білгенше,Бірдің атын біл.
Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.
Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.
Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
Аларманға алтау аз,Берерменге бесеу көп.
Екі баланың ортасындағы шал бала болады,Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.
Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.Мың қайғы бір борышты өтемейді.
Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады
Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.
Жүз дімкеске бір лепес.
Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.
Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады.
Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.
Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді
Ағайын – алтау, ана – біреу.
Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың.
Шындық – сегіз, бақыт егіз,
Ер- егіз, еңбек- жалғыз,
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады, Еңбек пен бақыт – егіз
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады
Қорқаққа қос көрінер,
Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады,
Бір жебемен қос нысана оққа ұшты
Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029-1101) – түркі тілдерін дүние жүзінде тұңғыш зерттегеп, ең алғаш сөздігін құрастырушы – энциклопедист-ғалым. Туған жері Қарахан мемлекеті Қашқар қаласы. Әкесі Барысқан٭ қаласынан саяси жағдайларға (бәлкім қудалауларға) байланысты Қашқарға көшкендіктен, Махмұд Барысқанда туылуы мүмкін деген пікірлер бар. Қарахандар ақсүйектері ортасынан (династиясынан) шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғраханның (Бурахан٭) немересі – шамасы, Барысқан қаласының әскербасы қызметін атқарған. Заманында алыс аймақтарға әйгілі болып, саяси-шаруашылық және қоғамдық-әкімгершіліктің үлкен орталығына айналған Қашқарда оқып (әлде, жан-жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы Орта Азияның небір мықты басқа да шаһарлары мен кенттерінде – Бұқара, Нишапур, Самарқанд, Бағдад, Мерв٭ т.б. тұрып) білім алған Махмұд өз дәуірінің теңдесі жоқ атақты ғұламасы еді. Махмұдтың ана тілі – Қарахан мемлекеті қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі (ғалым оны «таза тіл» деп санайды). Ол тілде Іле бойын жайлайтын яғма, тухси, чығыл сияқты тайпалар сөйлеген.
Мекен үстеу, қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті т. б.
Мекен үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Ай десе аузы күн десе көзі бар
жүзіктін көзінен өткендей