Ол тойған қозыдай монтиып отыр. Саған үріккен қойдай шошитындай не болды? Оның жүзі атқан таңдай, жарқырап тұр. Жаңа ғана тып-тыныш ауа-райы нілдей бұзылды. Оның көңілі қуаныштан өзендей тасып тұр. Өзің бір еліктің лағындай ерке екенсің. Бұл жаңалыққа ол сең соққандай қатты қиналды. Түбі түскен шелектей даңғырлай бермей, жай сөйлеші.
"Құмбыл" сөзінің мағыналары:
1) Әзір,даяр,дайын деген мағына.
2) Тез,шапшаң,ширақ,жылдам дегенді білдіреді.
Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме
-Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар
-Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын.
Ол әрқашанда сенімді.
-Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан
-Дос ы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды
-Жаман жолдастан таяғым артық
-Күлме досыңа –келер басыңа
-Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
-Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
-Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа.