Жаз келді.Жазда мен жайлауға бардым Жайлау қыстаудың алыс жатқан даладағы қонысы.Жайлауда менің атам мен әжем тұрады.Жайлауда өте керемет!.Айнала жасыл шөптер,әдемі хош иісті даланың гүлдері жайқалуда.Таңертең ерте атам малды бағуға шығарады.Мен атама малдарды бағуға көмектестім Жайлауда сүт, қаймақ май ,ірімшік көп.Атам қымыз ішкенді жақсы көреді.Жайлауда маған өте ұнады.
Мектептің алды, үйдің арты, көздің асты, ауылдың маңы, өзеннің жаны, бөлме іші, дәптердің сырты, көшенің басы, жердің беті, қаланың шеті, шаштың түсі, адамның бойы.
Кішкене әрі отыршы. Ол менен бұрын келіп үлгеріпті. Мен былтырдан бері футбол үйірмесіне барып жүрмін. Жақсы оқу үшін сабаққа ынта мен ықылас қажет. Сен үшін мен кіммін? Біз бүгін шаруашылық жайлы сөйлестік. Сен арқылы бақылау жұмысынан бестік аламын. Түстен кейін мектепте олимпиада болады ма? Мұғалім бізге үнемі сабақтан соң бірден үйлеріңе қайтыңдар дейді. Асқардың айтуы бойынша, ол ауырып қалыпты. Жыл бойына сабақтар дұрыс өтпеді. Университетке дейін мен музыка мектебіне барғанмын.Жете ме?
Алдар көсенің ауылына бір сараң көшіп келеді. Ешкімге ештеңе бермейді. Ал өзі алса, ешқашан қайырмайды. Сараң болғанда да өзінен өзі аяйтын сараң. Тіптен тамақ ішпейді деуге де болады.
Сөйтіп жүріп әлгі сараң ханның қызын көргісі келеді. Көрсет деп Алдар көсеге жалынады. Әрі ойланып, бері ойланып, Алдар көсе көнеді. Екеуі жолға шығады.
Жолай қой жайып жүрген шопанға жолығады.
— Қайтар жолда қайырамын, сен маған қарызға екі теңге бере тұр, — дейді. Сараң қинала-қинала әрең береді.
Айналайын, — дейді Алдар қойшы балаға, — менде екі теңге бар, ең жаман деген бір қотыр лағыңды сат! — Шопан сатады.
— Рақмет! Енді сен маған осы лаққа және екі теңгеме дұрыстау бір қозы бер.
Бір лақ және екі теңге деген әжептәуір дүние ғой! Береді.
— Бауырым! Енді сен мына лақты да, қозыны да, тіпті екі теңгені де ал. Алда бір үлкен ешкі бер! — Шопан бұл жолы да ойланбай-ақ келісе салады.
Өстіп, қайта-қайта ауыстырып отырып, Алдар Көсе не бары екі теңгеге бір үлкен семіз қой сатып алады… Алдар көсенің ауылына бір сараң көшіп келеді. Ешкімге ештеңе бермейді. Ал өзі алса, ешқашан қайырмайды. Сараң болғанда да өзінен өзі аяйтын сараң. Тіптен тамақ ішпейді деуге де болады.
Сөйтіп жүріп әлгі сараң ханның қызын көргісі келеді. Көрсет деп Алдар көсеге жалынады. Әрі ойланып, бері ойланып, Алдар көсе көнеді. Екеуі жолға шығады.
Жолай қой жайып жүрген шопанға жолығады.
— Қайтар жолда қайырамын, сен маған қарызға екі теңге бере тұр, — дейді. Сараң қинала-қинала әрең береді.
Айналайын, — дейді Алдар қойшы балаға, — менде екі теңге бар, ең жаман деген бір қотыр лағыңды сат! — Шопан сатады.
— Рақмет! Енді сен маған осы лаққа және екі теңгеме дұрыстау бір қозы бер.
Бір лақ және екі теңге деген әжептәуір дүние ғой! Береді.
— Бауырым! Енді сен мына лақты да, қозыны да, тіпті екі теңгені де ал. Алда бір үлкен ешкі бер! — Шопан бұл жолы да ойланбай-ақ келісе салады.
Өстіп, қайта-қайта ауыстырып отырып, Алдар Көсе не бары екі теңгеге бір үлкен семіз қой сатып алады
Хан сарайы дарияның қақ ортасындағы шағын арада орналасқан екен. Сарай мен жағалаудың ортасында ағаш көпір.
Жолаушылар сол көпірге таяу жерге жетіп, шатыр тігеді. Сол кезде су алуға келген хан сарайының бір күңі:
— Сіздер кім боласыздар? — деп сұрайды.
-Біз Аспан адамдарымыз! — дейді Алдар. Асығып-үсігіп әрең жеткен қыз осының бәрін ханның қызына айтып барады.Аспан адамдары қандай болады екен деп жақындап келеді де, ханның қызы тез кетіп қалады. Пәлендей айырмашылық таппайды.
Хан қызын көруге құштар боп келген сараң оған қарамай, оның үстіндегі асыл әшекейлерге қараймын деп, қыздың қандай екенін дұрыстап көрмей де қалады. Көп кешікпей әлгі күң су алуға тағы да келеді. Келсе, әлгі аспандықтар қойды союдың орнына балтамен шауып жатыр екен, оралған бойда осының бәрін ханның қызына жеткізеді.
— Бұлар тіпті мал соя білмейтін көрінеді!
Мұны естіген ханшайым өз кұлағына өзі сенбей, жаңағы жерге тағы келеді. Ханшайымды көруге құмар сорлы сараң оның киім-кешегін қызықтап, онын өзін тағы да жөндеп көре алмайды.Аспан адамдарының ақымақтықтарына таңқалған хан қызы тыныш жата алмай, “бұлар тағы не бүлдіріп қойды екен” деп мазасыздана береді. “Барып біліп келші” деп, күңін үшінші рет жібереді.
— Ойбой, мал союды білмегендерін былай қойғанда, бұлар тіпті дұрыстап тамақ та пісіре алмайды екен. Шұңқыр қазып, соған су құйып, сол суға ет салып, үстіне қазан төңкеріп, соның үстіне от жағып жатыр. Сұмдық-ай! — деп келеді бұл жолы әлгі күң. Шыдамай кеткен ханшайымның өзі барып, қалай тамақ пісіру керегін үйреткен болады. Содан кейін өзен жағасында тоңып қалар деген жақсы ниетпен сарайға әкеліп, төсек салып, жатқызып кетсе, барлауға барған күң тағы бір қызық хабар жеткізеді:
Бұлар төсектің де не екенін білмейтін болып шықты! Өздерін өздері аяқтарыннан асып қойып, салбыраған қүйлерінде демалып жатыр…
Ханшайымның өзі тағы барып, тағы түсіндіріп, төсекке жайғастырып қайтады. Қысқасы, Алдар көсенің ауылдас сараң айлакер көршісінің арқасында ханның қызын бір емес, бірнеше мәрте көріп үлгерді.Бір көрген үшін мың теңге төлеуге тиіс сараңның сараңы бір түгіл, бірнеше мәрте көрсеткен Алдар көсеге рақымет те айтпайды. Ұялмай-кызармай, қойға деп берген екі теңгесін сұрайды.
Сараң екенін білсе де, тап осындай сараң шығар деп ойламаған Алдар көсе қатты ашуланды.
Тіпті ауырып қалады. Дүниеқоңыз көршісі көңілін сұраған болып,тағы да әлгі екі теңгені есіне салады.
Сол кезде Алдар көсе өтірік өліп қалады. Жақындары мен туыстары ауыл болып оны соңғы жолға шығарып салады. Сараң да келеді.
Көзінен жасы сорғалап жылайды. Қайғырғаннан емес, әрине. “Қарызымды қайырмай кетті” деп қапа болғаннан еңірейді. Еңірегенде етегі жасқа толады.
Зират басындағы ел тарағаннан кейін Алдар көсе ақырын басып үйіне оралады.