Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл-күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. Адамның сөйлеуі ілкіде ым, ишара қимылдарынан басталып, кейін жекелеген дыбыстардың айтылуы нәтижесінде дамып, қалыптасқандығы белгілі. Осылайша адамның алғашқы дыбысы музыканың негізін салды. Ал шартты дағдыға (рефлекс) негізделген дене қимылы бидің алғышартын қалады.
Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-жерлері би арқылы көрсетілетін қимыл-қозғалыстар мен ишараларға негіз болған. Табиғат құбылыстарын, тұрмыстық, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яки бимен бейнелеу көне дәуірде наным- сенімге байланысты болған өмір талабынан туды. Келе-келе тәжірибенің молаюына орай қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты.
Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік-уақыттық ауқымы көне заманғы наным-сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл-күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі. Ілкі билер ғұрыптық-мифологиялық мәні мен магиялық қызметі бар салттық әрекеттердің құрамдас бөлігі еді. Қоғам дамуының алғашқы сатыларына адам мен кейбір жан-жануарлардың туыстығы болады деген нанымға сай туған тотемдік билер тән еді. Тотемдік билердің негізгі сипаты - тотемге еліктеу. Осыдан келіп жануарлардың қимыл-әрекеттерін бақылаудан туған образдарды бейнелеу мен мифологиялық түсінік түйісе келіп, билеу кезінде аң, құстардың қылықтары көрініс табады.
Отбасы адам баласының алтын дінгегі.Өйткені адам дүниеге келген сәтінен бастап ,осында ер жетіп отбасынан тәрбие алады.Сондықтан отбасы адамның аса қажетті ,әрі қасиетті алтын мектебі.Менің отбасымда төрт адам бар.Олар -әкем ,анам қарындасым және мен.Әкем ,дәрігер ,анам мұғалім.Менің қарындасым екінші сыныпта оқиды.Мен жетінші сыныпта оқимын.Менің ата -анам мейірімдіОлар әрқашанда ақыл кеңесін береді..Біз отбасымызда тату тәтті тұрамыз.Отбасымызбен бірге демалыстарда серуенге шығамыз,әр түрлі мейрамдарды ,туған күндерімізді бәріміз бірге тойлаймыз.Әр қашанда бір-бірімізге көмектесеміз.Үлкенге құрмет ,кішіге ізет -демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз.
Досы кзпті жау алмас. Достые аты дтс
Айтыс<span> — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан </span>поэзиялық<span> жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.</span><span>Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай </span>лирикалық, эпикалық,драмалық<span> сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.
</span>