Қазақ халқының мақсаты тек соғыстың аяқталуы еді. Әке-шеше ұлдарын бермейіз деп көздерінен көлдей жас ағқан. Әйелдер күйеулерінен,ұлдарынан айырылған. Тек елге өте қажет ерлерді ғана қалдырған. Бірақ бұның бәрі соғыста жеңу үшін ғана болған. Соғысқа бармаймын деген балалардың бәрін атып жіберемін деп қорқытқан болатын. Сөйтіп елдегі барлық ерлерді майданға алып кетіп әйелдерді қалдырды.Соғыстан ерлерден көбісі қайтыс болған. Еліне қайтып келгендер өте аз.Соғыстан кейін Қазақ елі жаңа жерге көшіп-қонып жүрген.
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Жулдызшылар.зерттеген.есебін.ашқан
А чо надо а то по этой фоте нишо не виднл
Қандай сұрағына жауап беретін сөздерді жазасың .Мысалы Əдемі - қандай сұрағына жауап береді